Агенттерге

Брондау

Құрметті әріптестер!

Сізге ыңғайлы болу үшін сайтта турды іріктеу қызметі жұмыс істейді. Турлар бойынша ұсыныстар да сәйкес бөлімдерде елдер бойынша орналасқан. Негізгі функциядан басқа, online брондау жүйесі тиісті бағыттар бойынша сатудың баға саясатында бет түзеу үшін турды іріктеудің іздеу нысаны қызметін атқаруы мүмкін. Турды іріктейтін кезде сізге келесі өлшемдерді көрсету керек:

  • ұшатын қала
  • сізді қызықтыратын ел
  • турдың санаты
  • бағдарламаның түрі
  • ұшу күні
  • түн саны
  • туристер саны
  • қонақүй санаты және тамақтану түрі

Брондау

Оnline брондау жүйесін пайдалана отырып, сіз нақты уақыт режимінде турды өз бетіңізбен брондай аласыз, ресімделген өтінімдерді қарай аласыз және олардың өңделу барысын қадағалай аласыз.

Бұл жүйе қонақүйдегі әуе билеттері мен орындардың бар-жоғын көріп отыруға мүмкіндік береді.

Сол қонақүйге және ұшу күндеріне бағалар алдыңғы SPO -да болса, брондау бағаның қалай өзгергеніне тәуелсіз соңғы SPO бойынша жүзеге асырылатынына назар аударыңыз. Сонымен қатар SPO-ң күшке ену күнін де ескеру қажет. Бұрын берілген өтінімдерді жаңа SPO бойынша қайта брондау мүмкін емес.

Растау

Бронның растауы брондалған қызметтерді, әуемен ұшу туралы ақпаратты және тапсырыс құнын көрсете отырып, электронды пошта арқылы жөнелтіледі.

Турдың барлық құрамдас бөліктері бойынша растау парағын мұқият тексеруді өтіне сұраймыз: туристердің аты-жөні мен төлқұжат деректері, қонақүйлер, сапар мерзімі, орналасу және тамақтану түрі, сонымен қатар рейс нөмірлері.

Назар аударыңыз! Рейс нөмірі мен ұшу уақыты өзгеруі мүмкін! Ұшуға дейін 2 күн бұрын бұл ақпаратты біздің операторларымыздан нақтылауды сұраймыз.