Агенттерге

Join UP! жаңа нарықтардағы өз позицияларын нығайтады және Украинада жұмыстың қайта жандануын күтеді

Join UP! туроператоры Украинада туристік индустрияның тұрып қалғанына қарамастан өз қызметін жалғастыруда. Сондай-ақ туроператордың еуропа нарықтарында өршіл даму жоспары да бар.

Казақстан: Aзияға құлаш жаю

Мамыр айының басында Қазақстанда турлар сатылымы басталды. Әзірге Join UP! ең танымал екі бағытта демалуды ұсынады — Дубай (БАӘ) және Будван ривьерасы (Черногория) шипажайлары. Болашақта сапарға арналған мүмкіндіктер кеңейе түседі.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушының ұшақтарымен ұшу жоспарланған.

УКРАИНА: ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН СЕНІМ

Елде белең алған соғысқа байланысты туристік қызметті жүргізу мүмкін емес. Бірақ Join UP! украиндықтарды қолдауын жалғастырды. 24 ақпандағы жағдай бойынша шетелде Украинадан 7085 турист болған. Оларға көмектесу үшін біз мүмкіндік болған жерде дипломаттардың көмегімен туристердің тегін тұруы туралы келісіп, оларды тасымалдайтын көлікті ұйымдастырып, өзге жерлерге шығардық немесе өз әріптестерімізбен бірігіп, оларды қонақүйлерге арнайы шартпен орналастырудың жолын таптық.

Компания қызметкерлері Украинаның әскери күштеріне, аумақтық қорғанысқа және ерікті батальондарға қосылып, Skyбат ерікті қорғаныс отрядын құрды. Toro Blanco мейрамханасымен бірігіп өз қорғаушыларымызға арнап тамақ әзірлеуді ұйымдастырдық.
Бұдан басқа, ұзақ мерзім тұратын жайлы қоныс іздеп жүрген, уақытша шетелге шыққан немесе шыққысы келгендерге арналған «Үйдегідей» бағдарламасын іске қостық. Join UP! Черногорияның, Испания мен Грузияның қонақүйлерінде және апартаменттерінде арнайы бағаға тұру туралы келісім жасады.

Әрине, Join UP! Бизнесті қолдау мүмкіндіктерін іздейді, өйткені біз команданың және жалпы елдің алдындағы өз жауапкершілігімізді түсінеміз. Біз экономиканың бір орында тұрып қала алмайтынын білеміз және ол анағұрлым тиімді болуы үшін және жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

БАЛТЫҚ ЕЛДЕРІ: ЖАҢА НАРЫҚТАРДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМ

Join UP! соғысқа дейін де Эстония, Латвия және Литва нарықтарына қадам басуды жоспарлаған еді. Алайда, қазір біз қорларымызды оңтайландырып, өз жұмысымызды қарқынды бастап кеттік.

14 сәуірден бастап Join UP! Baltic та іске кірісіп кетті, енді барлық ниет білдірушілер Түркияға, Черногорияға, Албания мен Закинтос, Крит және Корфу аралдарына турларды брондай алады. Бұл бағыттар бойынша кепілдік берілген шекаралар үлесі 80% құрайды, бұл тіпті өте белсенді маусымда да лезде растауды қамтамасыз етеді. Болашақ жоспар да кең ауқымды – қыста Балтық елдерінен Мысырға, сонымен қатар Занзибар мен Шри-Ланка аралдарына турлар ашылады.

Эстониядан, Латвия мен Литвадан ұшақтар әріптес әуе компанияларының сертификаттарымен SkyUp қанатының астында ұшып шығады.

МОЛДОВА: ЖАЗҒЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

7 сәуірден бастап біз жазғы бағдарламаны іске қостық: биыл Албанияға, Грецияға, Мысырға, Туниске, Түркия мен Черногорияға сапарға аттануға болады.

Украинадағы кең ауқымды соғыс көршілес елдерге де өз зардабын тигізді. Әуе кеңістігіне қауіп төніп тұрғандықтан Молдова елі аспанды уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл Join UP! қысқы бағдарламасының жабылуына әсер етті, бірақ бізді тоқтатқан жоқ. Біз Молдовада 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және біртіндеп өз қызметіміздің аясын кеңейтіп отырмыз. Біз болашақта да осы стратегияны ұстанамыз.

ЕВРОПА КҮТУДЕ!

Join UP! Европа нарығында өз ұстанымын нығайтуда. Туроператордың ең жақын арадағы жоспары — ЕО пен Шығыс Еуропадағы елдердің бірінде өз офисін ашу.

2022-2023 ж. қыста Join UР! Румыниядан, Словакиядан, Венгриядан, Польша мен Чехиядан танымал туристік бағыттар бойынша чартерлік рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Біздің стратегиялық әріптесіміз — SkyUp әуе компаниясы — қазір пайдаланушының Еуропалық сертификатын ресімдеумен шұғылданып жатыр, бұл ЕО аумағында рейстерді орындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тасымалдаушының флоты жуық арада жаңа ұшақтармен толығады. Қазір SkyUp гуманитарлық (жүктерді көшіру және тасымалдау) және чартерлік рейстерді орындау үстінде (Балтық елдерінен).

Александр
Альба
SkyUp Airlines және Join UP! Қосарлы құрылтайшысы:

Join UP! пен SkyUp-ң басын қосқан UP Family бұрынғыдай тревел-индустрияны дамытуды жалғастыруда. Қазір біз жаңа нарықтарға шығып отырмыз. Бұл өз қызметімізді қолдап, тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

«Біздің стратегиялық мақсатымыз —Еуропадағы ең ірі ойыншылардың біріне айналу. Біз осы мақсатта белсенді жұмыс істейміз және Украинадан айнымаймыз- жеңісті және туризм саласының жаңа жандануын күтеміз».