Агенттерге

Египеттегі демалысқа қатысты Join UP! пікірлері

Join UP! Египетке туристік бағдарламалады орындауды өзгеріссіз жалғастыруда. Дәл қазіргі уақытта Хургада және Шарм-эш-Шейх курорттарында туристтер үшін ешқандай қауіп жоқ.

Join UP! серіктестерінің ақпараты бойынша Египетте Хургада мен Шарм-эш-Шейхтегі дәстүрлі курорттарда демалатын туристердің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрған жоқ. Ел билігі барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау үстінде, демалыс орындарындағы жағдай тұрақты және бақылауда, олар әдеттегідей жұмысын жалғастыруда.

Біздің Join UP! үшін Египетке чартерлік бағдарламаларды жүзеге асыратын әуе серіктестеріміз рейстерді өзгеріссіз жалғастыруда. Олар жағдайды бақылауда ұстауда, бағдарлар мен бағыттар ұшулар үшін қауіпсіз. Егер, сәл қатер туындайтын жағдай бола қалса, немесе жағдай нашарласа, тасымалдаушылар тиісті шараларды қабылдайды және біз бұл туралы қосымша хабарлаймыз.

Біз туристерден сабыр сақтап, тек ресми арналардағы ақпаратты тыңдауды және Египетке келу туралы ұшу елдерінің ұсыныстарын орындауды сұраймыз. Барлық нақтылау сұрақтарымен , туристер туристік жадынамада көрсетілген байланыс нөмірлерін пайдалана отырып, ең алдымен өзінің туристік агентіне хабарласуы керек.

Біз аймақтағы оқиғаларды жіті бақылаудамыз. Израильдегі жантүршігерлік лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз.

Біз байланыста боламыз және кез келген өзгерістер жайлы әріптестер мен туристерді жедел хабардар етеміз.