Агенттерге

Түркиядағы орман өрттерімен байланысты жағдай бойынша Join UP!-тың пікірі

Join UP! Түркиядағы Анталия өңірінде, Кемереде 24 шілде күні басталған орман өрттерін жіті қадағалауда. Біз серіктестерімізбен байланысты үзбей отырмыз және туристер үшін ешқандай қауіптің жоқтығына кепілдік бере аламыз.

Қазіргі сәтте өрт бақылауға алынған. Түрік билігі өрт жаулаған аумақты қарқынды азайтуға көмектесетін қажетті техникан жұмылдыруда.

Тұтанған аймаққа жақын маңда қонақүй жоқ. Бұл өңірдегі қонақүйлерг қауіпсіз қашықтықта орналасқан. Одан басқа, өрт жалыны жолдың жағалау маңында емес, сондықтан әзірге құрылыстар мен туристер үшін қауіп жоқ.

Туроператор жағдайды бақылауды жалғастыруда. Туристеріміз үшін қандай да бір қатер туындаса, біз шұғыл түрде өрт аймағынан алыстау жерге эвакуациялау жоспарын іске қосамыз.

Туристерден тек қана ресми жаңалықтарды бақылауын және сауалдары туындаған жағдайда өз турагентіне жүгінуін сұраймыз.