Агенттерге

Жұмақтағыдай саяхат: Fushifaru Maldives отелінде өзіңізге таңғажайып демалыс ұйымдастырыңыз

Кез келген демалыс – ол ерекше әсерлер мен қызықты оқиғалар уақыты. Мальдивтер – осының үздік дәлелі. Өйткені бұл аралдарда күнделікті күйбең тірлік туралы ұмытып, ғажап эмоциялар әлеміне бойлау үшін қажеттінің бәрі бар. Бізбен бірге Мальдивтермен кездесуге аттаныңыз және өз армандарыңызды ақиқатқа айналдырыңыз.

Мальдивтер — Үнді мұхитының суларында орналасқан нағыз арман аралдар. Табиғат тамашасы орындаған ертегі архипелаг. Уақыт баяулап, әр минут қайталанбас сәтке айналатын жер. Дәл осы жерде мұхиттың шексіз айдыны мен әппақ қардай жағажайының арасында сіз демалыс пен нағыз релакс әлеміне бойлай аласыз.

Бұл тылсымды білу – сөзсіз ләззаттың нақ өзі. Әсіресе, демалыс кезінде сіз Fushifaru Maldives отеліне тоқтауды шешкен болсаңыз.

Fushifaru Maldives — Жаңа ашылулар мен Шексіз қызық оқиғалар

Fushifaru Maldives — жан тыныштығын қалпына келтіре алатын және табиғатпен өзіңіздің жеке байланасыңызды таба алатын, оның жаңа көкжиектерін сезіне және зерттей алатын жер. Мұнда сізді ғажайып көрініс, көз қарықтырар әппақ жағажай және жаңа эмоциялар мен жағымды әсерлер калейдоскобы күтеді.

Отель Үнді мұхитының ортасындаға аралда орналасқан. Сондықтан сізде демалысқа алаңсыз ден қою мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, бонус ретінде әр таңда және әр кеште сіз өте әсем таң рауаны мен күннің батуын тамашалай аласыз.

Fushifaru Maldives аумағында виллалардың бірден бірнеше типі орналасқан: жағажай жанындағы, су жанындағы, өз бассейні бар, джакузиі бар және т.б. нағыз мальдивтік эстетика мен заманауи дизайн үйлесіммен таң қалдыратын виллалар.

Сондай-ақ Fushifaru Maldives өз қонақтары үшін кез келген талғамға жарайтын ойын-сауық әзірледі. Сіз өзіңізді вейкбордингте, парасейлингте, виндсерфингте немесе кайт-серфингте байқап көруді көптен армандап жүр ме едіңіз? Әлде скаттарды, дельфиндер мен тасбақаларды көру үшін су асты экскурсиясына барғыңыз келе ме? Маржан рифтерін немесе Мальдив аралдарының таңғажайып табиғатын зерттеуді жоспарлаған ба едіңіз? Онда, сіз демалыс үшін дұрыс нұсқаны қарастырудасыз.

Демалыс демалыспен, бірақ денсаулық пен физикалық форманы да ұмытпау керек. Оның үстіне Fushifaru Maldives спортпен айналысатын көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Заманауи спортзалға барыңыз, оның терезесінен мұхиттың керемет көрінісін көре аласыз, немесе мультиспорттық кортта теннис немесе футбол ойнайсыз. Сондай-ақ отель йогадан топтық және жеке жаттығулар ұйымдастырады.

Кішкене саяхатшыларды жергілікті Kokko Club балалар клубы қуантатыны анық. Ойын бөлмесіндегі әдеттегі көңіл көтеруден өзге тек осында арал флорасы мен фаунасын зерттеуге болады, кокос жапырақтарынан себет тоқып көреді, дәстүрлі мальдив тағамдарын әзірлейді және тіпті жергілікті жазу – тана негіздерін үйренеді.

Ғашық жұптар үшін де Fushifaru Maldives-те барынша қызықты демалыс түрлері бар. Мысалы, сіз бассейн маңында, мұхит жағасында немесе түнгі аспанның жұлдыздары астында романтикалық кешкі ас ұйымдастыра аласыз. Бұл аралда сіздің махаббат хикаяңыз ерекше, жарқын реңдермен толығады.

Және бұл реңдер тек романтикаға ғана емес, сондай-ақ нағыз талғамдар феериясына толы. Жергілікті мейрамханалар (мұнда олар үшеу) интернационалдық және жергілікті асүй тағамдарының бүтін бір палитрасын, сонымен қатар арнайы аспаздық ұсыныстар ұсынады.

  Raakani мейрамханасындағы кешкі ас. Raakani — өз қонақтарына мұхит дәмдерін ашатын және жағалауда керемет кеш өткізудің таңғажайып мүмкіндігін сыйлайды. Мейрамхана мәзірі әрине теңіз өнімдерінен әзірленген тағамдардың кең таңдауын ұсынады.
  Maldivinian Breakfast. Үнді мұхиты айдынынның көрінісі көрінетін нағыз мальдив таңғы асымен рахаттанудың, сонымен қатар экзотикалық жемістер немесе дәстүрлі мас хунидің дәмін татып көрудің тамаша мүмкіндігі.
  Handhu Dinner. Өз жақындарыңызбен бірге Handhu платформасында кешкі ас ұйымдастырыңыз, айтпақшы ол жерден де мұхиттың тамаша көрінісі ашылады.
  Floating Breakfast. Барлық мағынада күннің сергіткіш басталуы. Таңғы ас сіздің жеке бассейніңіздің қақ ортасында ұсынылады. Кішкене ғана толықтыру: барлық тағамдар кішкене дәстүрлі дони кораблигінде беріледі.
  Private Sandbank Picnic. Нағыз гурмандарға арналған пикник-ланч, ланч кезінде сіз арал ахуалынан ләззат алып, өзіңіздің жеке косеңізде жеңіл түскі астың әртүрлі нұсқаларын татып көре аласыз.

Дүниенің ең шетіндегі жұмақ демалысы – арман бә, әлде ақиқат па? Мұны тексеретін кез келді! Жағажайға тура шығатын жайлы бунгалолар, жұмсақ бриз және нағыз тыныштықты сезіну – Мальдивтер де, Fushifaru Maldives отелі де асығыссыз демалысқа әдейі жаралғандай.