Агенттерге

Time to relax — Қыс қызығына Түркияда Join UP!-пен бірге рахаттанамыз

Қыстың қарлы болуы міндетті емес! Көзіңізе елестетіңізші: Сіз Түркиядасыз, сыртта ашық күн, тыныш теңіз және таңнан түнге дейін көптеген қызықтар, тіпті Сіз отельден шықпасаңыз да қызық көп. Дәмді тағамдармен тамақтанып, SPA-да массаж алып, қыстап шығу үшін, бұл тамаша жоспар емес пе? Өз релакс толқынымызды қосамыз, өйткені біз сіз жақсы демалып, өз күш-қуатыңызды қалпына келтіру үшін, және әлбетте өз Instagram-ыңыз үшін әдемі фотосуреттер жасау үшін керектінің бәрін әзірледік.

JOIN UP!-ТАН КҮШТІ ДЕМАЛЫС

Анталияны жыл бойы броньдауға болады, сондықтан онда екі рет демалыс өткізе аласыз!

  • Air Astana-ның қанаттарымен жайлы да, әсем ұшамыз
  • Анталиюға тұрақты рейстер, кестелері өте қолайлы:

Астанадан — қазан айында сейсенбі және сенбі күндері, әрі қарай – әр сейсенбі сайын
Алматыдан — қарашадан бастап — әр сәрсенбіде және сенбіде

  • Көптеген қызықты экскурсиялар, оларға тек бару ғана керек емес, сонымен қатар барғың келеді
  • 24/7 қолдау және біздің сенімді серіктестеріміз DMC*-тің кәсіби гидтері, олар сізге тез бейімделуге және күнделікті мәселелеріңізді шешуге көмектеседі.

Ауа райы туралы не білу керек?

Температура Анталияда қыста өте жұмсақ: күндіз орташа — 16-18℃, түнде — от 9 – 12℃. Ең суық ай деп қаңтар айы саналады, ол кезде температура 12-13℃ болады. Бірақ бұл саяхатшылардың Жерорта теңізінің әсем табиғатынан ләззат алуға кедергі келтірмейді. Жауын да болып тұрады: аз және өте сирек. Қыста теңізге түсіп шығуды ұнататындар үшін – бұл кезеңде судың температурасы шамамен 18-19℃ болады. Бірақ, еске сала кетейік, көптеген отельдерде өзінің жылы бассейні бар, бұл бассейндер сырттың суығынан кейін жақсы жылытады.

ҚАЙТАЛАНБАС АНТАЛИЯ

Murat
Oral
SEO Join UP! Turkey

“Анталияны әлемнің ең әдемі қаласы деп жиі айтады. Жұмсақ климатқа, қонақжай жерлерге, тамаша табиғатқа және көп ғасырлық тарихқа қарап, мен бұл шын мәнінде солай екенін білемін. Ал Анталиядағы қыс – нағыз рахаттың өзі. Күн батқан кездегі жағажайдағы керемет кеш, бір жағынан Жерорта теңізінің сбырлы толқындары, екінші жағынан – асқар таулар, қысқы Түркиядағы жайбарақат жылы серуенге арналған мінсіз орын осы емес пе?

Анталияның тарихи орталығы — Калеичиге міндетті түрде барыңыз. Ол әр түрлі дәуірлерде қаланың орталығы болды, бұл орталықта әр дәуір өзінің сәулет іздерін қалдырып отырды. Мұнда дәмді түрік асханасының тағамдарынан дәззат алуға, әдеттегіден өзгеше барларда әртүрлі сусындардың дәмін көруге, қолжетімді бағамен сувенирлер сатып алуға болады. Содан соң жергілікті үздік сауда орталықтарына шопингке кіруді ұмытпаңыз, ол жерден көптеген тиімді акциялар мен сапалы бұйымдар таба аласыз:

  • Terracity
  • MarkAntalya
  • Mall of Antalya
  • Agora AVM
  • Deepo”

СИҚЫРЛЫ ШЫҒЫС РЕЛАКСІ

Анталиядағы қыс — бұл релакс маусымы, сондықтан барынша босаңсу үшін жаңа әлденені көретін уақыт. Мысалы, бізің дәуіріміздің шамамен VII ғасырында пайда болған әлемдегі ең көне монша түрлерінің бірі — хаммам. Жақсы демалудың тамаша мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Шығыс дәстүрлерінің тарихынан хабардар болу. Тек Түркияда әрбір SPA-да Сізге нағыз сұлтан немесе сұлтан ханым сияқты қызмет көрсететін хаммам бар. Әлдебір жерден «Сүлеймен Сұлтан»* фильмінің сиқырлы сазы естіледі, әлде бұл дыбыс елес пе?

Сіздер жайлы және рахаттанып демалу үшін біз топ әзірледік:

ДӘМДІ ҮЙЛЕСІМ

Теңіз маңында кешкі серуенге шықпас бұрын батып бара жатқан күн шапағымен немесе туып келе жатқан ай жарығымен дәмді тамақпен және жарқын коктейльмен әлденіп алған жөн. Тек жақсы әсер қалдыру үшін Түркияның мейрамханаларынан ненің дәмін көру керектіні жайында тізім жасадық.

  1. Гезлеме. Чебурекке ұқсастығы бар — ірімшік, ет (сиыр еті), картоп және бұршақ салмасы бар жұқа қамырдан жасалған шелпек. Бұл түрік асханасының көне тағамы, көпшілік жақсы көреді.
  2. Пишмание. Қанттың ұнмен қуырылған жіңішке жібінен тұратын шумағына ұқсайды. Оған көбінесе әртүрлі жаңғақтар, пісте езбесін қосады. Тәттісіз өмір сүре алмайтын түріктердің ең сүйікті десерттерінің бірі деп саналады.
  3. Лахмаджун. Басқаша айтқанда — шығыс пиццасы. Расында солай айтуға лайықты — жұқа күлше нан ащы томат тұздығымен, қойдың немесе сиырдың тартылған етімен және көкністердің, дәмдеуіштердің және әртүрлі шөптердің қоспасымен. Итальян тағамынан айырмашалығы лахмаджунді ролл етіп, немесе жартылай орайды.
  4. Бейран. Бұл тағам туралы естімеген адам жоқ шығар? Бұл қой етінен, күріштен, сарымсақтан және Газиантепа аймағының көкөністерінен жасалған көже – өте тойымды. Бұл тағамның пайда болғанына 500 жылдан астам деп саналады, және ол суық тигеннен емделуге және иммуниттеті нығайтуға көмектеседі.
  5. Түрікше кофе по-турецки. Түркияда болып түріктер әзірлеген түрік кофесін ішіп көрмеу – яғни Түркияда болмаумен бірдей. Оны джезевада немесе туркада ашық отта, құмда немесе таста әзірлейді. Соның және рахат-лукумның арқасында ол ерекше болып саналады.

Барынша дәмді естіледі ғой, иә? Бірақ оны бізге қай жерде әзірлеп береді?

Қыста Анталияда баруға лайықты топ мейрамханаларды қабыл алыңыз.

Seraser Fine Dining

Selçuk, Paşa Cami Sk. No:14, 07100 Muratpaşa

Ішкі ауласы мен бағы бар өте жайлы және романтикалық жер, онда көп әдемі фото жасауға болады. Ал ондағы тамақтар тек аса дәмді ғана емес, сонымен қатар өте әдемі. Ерекше ахуал, қонақжай қызметкерлер, баға мен сапаның тамаша үйлесімі және көптеген тартымды жайлар туристер мен жергілікті халықты осы әдемі жерге қайта-қайта тарта береді.

Terrace Steak House

Kemerağzı Yeni Turizm Yolu Lara Doğakent Sitesi 5, 07112 Aksu

Өзінің еттен әзірленетін тағамдарымен танымал мейрамхана. Туристтер әсіресе қой қабырғалары мен көмбештеліп пісірілген бақтақты жеп көруді ұсынады. Бұл жер достарымен демалғанды жақсы көретіндерге өте ұнайды.

Arma

Selçuk, Selçuk Mah No:75, 07100 Muratpaşa

Шығыңқы жартаста орнласқан сәнді мейрамхана, ол романтикалық кешкі асқа жақсы жарайды. Онда әдемі көрініске қараған теңіз бұғазы бар, ол жерде тойымды түскі астан кейін серуендеуге болады.

Lara Balık

Gençlik, Tevfik Işık Cd. No:8, 07100 Muratpaşa

Бірнеше терассада орналасқан Жерорта теңізіне қараған таңғажайып көрісіке ие жартастағы жоғары талғамға сай тағы бір мейрамхана. Басты назар – жерорта теңіздік және түрік асханасы. Теңіз өнімдерінің әуесқойларына дәстүрлі tavada karides — сары майға қуырылған асшаян, чили бұрышымен, лимонме және сармсақпен, дәмін көру қажет. Дәмі тіл үйіреді!

Шабандыңызды жинаңыз – релакстің, талғамды дәм мен «сәті келген кезде» қыдыру уақыты!

*DMC – Destination Management Company – қабылдаушы компания
*”Сүлеймен сұлтан (Сулейман Великолепный)” — 2011 жылғы түріктің тарихи телесериалы. Жасаушы — Мерал Окай