Агенттерге

Түрікше Warm hospitality: Join UP! және Summer Tour синергиясы

Join UP! ™ үшін әр бағыт – бұл ерекше тарих және жеке тәсілдеме.

Біз елдегі демалу тұжырымдамасын егжей-тегжейлі пысықтаймыз, мықты әрі бәсекелі өнім жасап шығарамыз, сервисті жақсарту жағынан үздіксіз жұмыс жасаймыз және бізге құндылықтар жағынан жақын болып табылатын серіктестерді таңдаймыз. Және бүгін біз сіздерді Түркиядағы қабылдаушы компаниямыз – Summer Tour-мен жақынырақ таныстырғымыз келіп отыр. Біз бұл компаниямен бірге Warm Hospitality тәсілдемесін бірге дамытып, жаңа жазғы маусымға бірлесіп белсенді дайындалудамыз.

АУҚЫМЫ

Біз үшін бағыт бойынша күштің маңызды құрамдас бөлігі – бұл серіктестермен синергия және бірлескен тәжірибе. Біз неліктен Summer Tour-мен ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз? Компания туралы бірнеше деректерді айта кетейік.

  • 2002 жылы Түркияда құрылған және осы уақытқа дейін 10 миллионнан астам туристерді қабылдады, сондай-ақ еуропалық нарыққа шықты.
  • 2010 жылдан бастап түрік DMC* ТОП-10-на енгізілді.
  • Көбінесе Еуропадан қонақтарды қабылдауға көбірек көңіл бөледі (жалпы санының 75%). Негізінен, бұл Германиядан, Бельгиядан, Болгариядан, Португалиядан және скандинавиялық мемлекеттерден келген туристер.
  • Негізгі компания Major Tourism Group деп аталады, ал Summer Tour соның құрамына кіреді. Сонымен қатар топқа Түркиядағы және германиядағы қонақүйлер жатады.
  • Немістердің, итальяндықтардың және бельгиялықтардың сүйікті шипажайы – Сидеге ерекше басымдық бере отырып, ауқымды қонақүйлер портфолиосын жинақтаған. Және біз өз туристерімізге еуропалықтар жоғары бағалайтын сервисті ұсына алатынымызға қуаныштымыз. ауқымды болып табылады.
  • Кәсіпқойлық деңгейін үнемі жетілдіріп тұратын тәжірибелі гидтер мен трансфермендер командасымен жұмыс істейді. Жалпы алғанда, компанияның әртүрлі түрік қалаларында 6 кеңсесі және 200-ге жуық қызметкерлері бар.
  • Әртүрлі сегменттер, оған қоса MICE және VIP үшін туристік өнімдер мен қызметтерді ұсынады.

КҮШ – СИНЕРГИЯДА

Mehmet
Gilik
Summer Tour–ң коммерциялық директоры
  Тәжірибе. Summer Tour – бұл 23 мемлекеттен келетін клиенттермен жұмыс істейтін компания. Жыл сайын біз 650 000 туристті қабылдаймыз және 20 жылдық жұмысымыздың ішінде 10 миллионнан астам саяхатшылардың демалысын ұйымдастырып үлгердік! 2010 жылдан бері Summer Tour жыл сайын Түркиядағы ең үздік 10 DMC тізіміне еніп келе жатыр. Олардың бірі – Summer Tour жоғары қызметтерді ұсынып қана қоймай, шабыт та сыйлайды.
  Команда. Бұл жерде де мақтан тұтатын тұсымыз бар. Біз командамен қарым-қатынастарды қалыптастыруға ерекше мән береміз, дамытуға және оқытуда, тәжірибе алмасуға көп уақыт бөлеміз. Бізде 200-ден астам қызметкер бар, және олардың компаниядағы жұмысының орташа ұзақтығы – 7-8 жыл.
  Ынтымақтастық. Біз үшін Join UP! – стратегиялық серіктес. Бұл ынтымақтастық екі тарапты да күшейте түседі, қызмет көрсету сапасын, бағалардың бәсекеге қабілеттілігін және өнім ассортиментін жоғарылатады. Бірлесе отырып, біз Түркияда туризмді дамытып, трансформациялаудамыз.

WARM HOSPITALITY

Murat
Oral
Join UP!™ Түркиядағы өкілі

Біз үшін Warm Hospitality тұжырымдамасы – бұл әр туристтің Түркияда өзін үйдегідей сезінуі, оның көңілдегідей демалысқа шомып және мемлекеттің керемет сұлулығы мен мәдениетінен рақат алып, барлық шаруаларын ұмытуы туралы.

Сондықтан біз үшін Summer Tour-мен сервис жағынан үздіксіз жұмыс жасау, гидтерді оқыту жағынан жұмыс істеу маңызды. Біз жаңа жазғы маусымға өте жақсы дайындалдық және сіздердің туристеріңіздің біздің тәсілдемені жоғары бағалайтынына сенімдіміз.

Үздіксіз оқыту

Демалыс кезінде барлық егжей-тегжейлердің маңызды екеніне және трансфермендер мен гидтердің үйлесімді және сапалы жұмысына көп нәрсе байланысты екеніне сенімдіміз. Сондықтан біз Summer Tour-мен бірге қызметкерлерді оқытуға және дайындауға көп көңіл бөлеміз.

  • Маусым басталар алдында Summer Tour гидтері Join UP! – Grow UP! корпоративтік университетінде жыл сайын оқудан өтеді. Бұл компаниялардың жұмысын синхрондау, демалыс тұжырымдамасын түсіну және тәжірибе алмасу үшін маңызды.
  • Жаңа қызметкерлер үшін Summer Tour ауқымды бейімдеу бағдарламасын құрған. Маусым басталғанға дейін жаңа трансфермендер мен гидтерге қажетті ақпарат береді, қонақүйлерді, экскурсияларды көрсетеді, клиенттерге қызмет көрсету бөлімдерімен уақыт өткізуге және олардың жұмысын көруге мүмкіндік береді. Орта есеппен, бір айдың ішінде жаңа гидтер тәжірибе жинап қойған әріптестерінің жұмысын бақылайды, және дайын болған кезде ғана «краш-тест» деп аталатын әртүрлі параметрлер бойынша тестілейден өтеді, туристермен жұмыс істеуге кіріседі.
  • Біз үшін туристердің гидтермен кез келген мәселе бойынша сөйлесе алуы маңызды, сондықтан біз Summer Tour гидтерінің орыс және ағылшын тілдерінде өте жақсы және диалектсіз сөйлеуіне ұмтыламыз.

ТУРИСТЕРДІ ҚОЛДАУ

Саяхаттың барлық кезеңдерінде жайлылық пен қолдаудың болуы – біздің басымдығымыз. Демалыстың қонақүйде емес, ұшақта келе жатқаннан басталуы біз үшін маңызды, әр турист өзі армандаған салтанатты мейрамға қол жеткізе алуы тиіс. Сондықтан Summer Tour өкілдері бүкіл демалыс барысында қонақтармен бірге ілесіп жүреді.

  • Әуежайда күтіп алу. Біз үшін туристерді осы жерден-ақ біздің қамқорлығымызды сезінуі, әуежайда адасып қаламыз немесе трансферді таба алмай қаламыз деп абыржымауы маңызды. Сондықтан Анталия әуежайының екі терминалында да біздің Summer Tour және Join UP! логотиптеріміз жазылған тіркеу үстелшелеріміз бар. Бұл жерде біздің өкілдеріміз туристерді қарсы алады және оларды көбісі Join UP! деп брендтелген жайлы заманауи автобустарға ертіп апарады. Гидтер мен трансфермендерді қызғылт сары униформасынан және туроператор логотипі бар бейдждерінен тануға болады. Олар заттарыңызды алып жүруге көмектеседі, ақшаны қай жерде айырбастау немесе жергілікті сим-карта сатып алу ыңғайлы екенін айтып береді.
  • Қонақүйдегі өз адамыңыз. Қонақүйлерде туристерді жеке гидтер күтіп тұрады – оларды сонымен қатар формасынан (ақ жейде және Join UP! логотиптері бар бейдждер) тануға болады. Олар барлық сауалдарыңызға жауап береді, орналасу жағынан көмектеседі, ақпараттық кездесуге шақырып, ол жерде қонақтарды қолжетімді экскурсиялармен және аймақтың туристік мүмкіндіктерімен таныстырады.
  • 24/7 бойы қолдау. Біздің қонақүйлерімізде тәулік бойы клиенттерге қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді. Оның нөмірін сіз туристтің жаднамасынан таба аласыз немесе жеке гидіңізден сұрап ала аласыз. Қолдау көрсететін қызметкерлер орыс, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлейді және шұғыл жағдайларда кез келген уақытта көмектесе алады.

Түркия – бұл біздің 8 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан алғашқы және сүйікті бағыттарымыздың бірі. Осы уақыттың ішінде Join UP!-пен бірге warm hospitality-ді 1,2 миллионға жуық турист бастан кешірді. Және біз қазіргі уақытта түрік шипажайларында жаңа шуақты жазға толықтай дайынбыз.

Астана мен Алматыдан Анталияға сапарлар басталып кетті. Бұл маусымда сізді, әдеттегідей, әртүрлі сұраныстарға сай алуан түрлі қонақүйлер топтамасы және шын көңілмен қабылдау күтеді!


* summertour.com