Агенттерге

Ынтымақтастық

Құрметті әріптестер!

Біз әрдайым ынтымақтастыққа дайынбыз және сіздердің Join UP! туроператорымен ынтымақтаса жүргізген жұмыстарыңыздың барынша табысты болуына ұмтыламыз.

Бастапқыда сізге Тіркеу бөліміндегі тіркелу нысанын толтырып, сайтқа тіркелу керек.

Әрі қарай Сіздің Агент шартына қол қоюыңыз, оны Учёт/ ЭДО порталының көмегімен жіберуіңіз қажет.

Шартқа қол қою рәсімімен анағұрлым толығырақ Шарттар мен ұсынымдар бөлімінен таныса аласыздар.

Агенттік шартқа қол қойғаннан кейін сіз логин мен пароль аласыз. Оnline-брондау жүйесіне кіру Join UP! турларын брондауды жүзеге асырудың керемет мүмкіндігін береді. Сипаттамасын Брондау бөлімінен табасыз.

Сізді төлем талаптарымен Тур төлемінің талаптары бөлімі таныстырады.

Тур үшін төлемді енгізгеннен кейін сіз өзіңізге қажетті құжаттарды online басып шығара аласыз, бұл сіздің уақытыңызды анағұрлым үнемдейді. Құжаттарды алу қағидалары туралы білу үшін Құжаттарды беру бөліміне кіріңіз.

Бізді таңдағаныңыз үшін сізге алғыс білдіреміз және сізбен қуана-қуана ынтымақтасамыз!